13. Партия өзінің Жарғысы мен Бағдарламасы айқындаған мақсаттары мен
міндеттерін Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен
жүзеге асыру үшін мынадай құқықтарға ие:
1) өзінің қызметі жайлы ақпарат
тарату және мақсаттары мен міндеттерін насихаттау;
2) ерікті түрде қауымдастықтарға
(одақтарға), сайлау блоктарына бірігу;
3) Қазақстан Республикасы
Президенттігіне, Қазақстан Республикасының Құрылтайы және маслихаттары
депутаттығына кандидаттарды ұсыну;
4) өзінің бұқаралық ақпарат
құралдарын құру;
5) бейбіт жиналыстар өткізу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалар шеңберінде өзге де құқықтарды
жүзеге асыру.
7) халықаралық байланыстар орнату
және нығайту, тиісті келісімдер жасау, діни бағытты есепке алмағанда,
халықаралық коммерциялық емес, үкіметтік емес бірлестіктерге ұжымдық мүше
болу.
14. Партия:
1) Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен заңнамаларының талаптарын сақтауға;
2) әрбір азаматтың өзінің
құқықтары мен мүдделерін қозғайтын құжаттармен, шешімдермен және ақпараттар
көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
3) Партияның Орталық аппаратының
мекен-жайы мен Партияның басшылары жайлы мәліметтердегі өзгерістер туралы заңды
тұлғаларды мемлекеттік бірегей тіркелімге енгізілген мәліметтер көлемінде
тіркеуші органды хабарлап отыруға;
4) өзінің қаржылық қызметі жайлы
салық органдарына Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген мерзімде
және көлемде есеп беріп отыруға міндетті.