55. Партияның Жарғысына және (немесе) Бағдарламасына өзгертулер мен
толықтырулар тек Партия Съезінің шешімімен енгізіледі.
Партияның Орталық аппаратының
орналасқан жері өзгерген жағдайда, Ұлттық партия кеңесі Пленумының шешімімен
Жарғының 9-тармағына өзгеріс енгізуге жол беріледі.
56. Партияның кез келген мүшесі
Партияның Жарғысына және (немесе) Бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы ұсыныс жасауға құқылы. Ұсыныс жазбаша түрде рәсімделіп,
негізделуі, оны енгізуші тұлғаның қолымен расталуы және Партияның Саяси кеңесі
Президиумына жолдануы тиіс.
Партияның Саяси кеңесі Президиумы келіп түскен ұсынысты оның түскен
күнінен бастап бір ай ішінде қарауға және қажет болған жағдайда оны талқылауды
ұйымдастыруға міндетті.
57. Партияның Жарғысына және (немесе) Бағдарламасына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы ұсыныс қолдау тапқан жағдайда, Партияның Саяси
кеңесі Президиумы аталған ұсыныстарды Партияның Саяси кеңесінің және Партия
Съезінің қарауына енгізеді.
58. Партия Съезі қабылдаған
Партия Жарғысына және (немесе) Бағдарламасына өзгертулер мен толықтырулар
заңнамаларда белгіленген тәртіп бойынша тіркеуден өткізілуі тиіс.