44.11. «Ақ жол» партиясы нақты міндеттерді орындауға ерекше сіңірген еңбегі мен жеке үлесі үшін партиялық наградаларды белгілей алады.
44.12. Партиялық наградаларға «Ақ жол» партиясы дербес немесе басқа ұйымдармен бірлесіп маңызды оқиғалардың құрметіне белгілейтін дипломдар, алғыс хаттар, естелік белгілер, кубоктар және медалдар жатады.
44.13. «Ақ жол» партиясының ең жоғарғы дәрежелі наградасы болып «Azattyq» медалы (медаль Свободы) табылады.
44.14. «Azattyq» медалымен:
- ұлттық Тәуелсіздікті бекітуге және Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін дамытуға;
- сөз еркіндігін қоса, азаматтық құқық пен бостандықты қорғауға;
- сыбайлас жемқорлықпен күресуге;
- демократиялық институттарды және парламентаризм принциптерін дамытуға адамдар ерекше жеке үлес қосқаны үшін марапатталады.
44.15. Марапаттауға Партияның лауазымды тұлғалары, штаттық қызметкерлері, басқарушы органдардың мүшелері және сайланбалы тұлғалары, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер жатпайды.
44.16. Медалға ұсыну құқығына «Ақ жол» партиясының аумақтық партия филиалдарының басшылары мен Ұлттық кеңес мүшелері ие.
44.17. Марапаттау туралы шешімді партияның Ұлттық кеңесінің Президиумі қабылдайды.
44.18. Марапаттау әдетте жылына бір рет, ресми іс-шараларда, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің қарсаңында жүзеге асырылады.
44.19. «Azattyq» медалымен марапатталғандардың саны жылына 7 (жеті) адамнан артық бола алмайды.
44.20. «Azattyq» медалының сипаттамасы Жарғыға №3 қосымшада белгіленген.