12. Партияның қызмет нысаны мыналар:
1) қоғамның саяси өміріне
қатысу;
2) Партияның бағдарламалық
мақсаты мен міндетін орындауды барлық заңды жолдармен қамтамасыз ету;
3) Партияның мақсаттары мен
міндеттерін тұрғындар арасында тарату және түсіндіру;
4) заң шығару қызметіне
қатысу;
5) мемлекеттік билік пен
жергілікті басқару органдарында және өзге де ұйымдарда азаматтардың өкілдігіне
ие бола отырып, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
6) құрылымдық бөлімшелерге
және бастауыш партия ұйымдарына әдістемелік, ұйымдық және өзге де көмек көрсету
және олардың қызметтерін ұйымдастыру;
7) қайырымдылық қызметін
жасау;
8) конференциялар,
семинарлар мен «дөңгелек үстелдерді», Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бейбіт
жиналыстарды, сондай-ақ, Партияның жарғылық және бағдарламалық мақсаттары мен
қызметінің мәніне қайшы келмейтін мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру
және өткізу;
9) Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;
10) Партияның жарғылық
мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға сәйкес келетін және Қазақстан
Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметтерді жүзеге асыру.