39. Партия филиалының (өкілдігінің) жоғары органы конференция (жалпы
жиналыс) болып табылады.
39.1. Партия филиалының
(өкілдігінің) конференциясы (жалпы жиналысы) Партия филиалы (өкілдігі)
Кеңесінің, оның Төрағасының бастамасы бойынша немесе жергілікті бастапқы партия
ұйымдарының кемінде 1/3 талабы бойынша, сондай-ақ, Партия басшылығының талабы
бойынша қажетіне қарай, бірақ кемінде екі жылда бір рет шақырылады.
39.2. Партия филиалы (өкілдігі) конференциясының (жалпы жиналысының)
шешімдері оның жұмысына сайланған делегаттардың жартысынан астамы қатысқанда
өкілетті және дауыс жәй көпшілікпен қабылданады.
39.3. Партия филиалы (өкілдігі)
конференциясына (жалпы жиналысына) делегаттар сайлаудың тәртібін Партия
филиалының (өкілдігінің) Кеңесі белгілейді.
39.4. Дауыс беру түрі тиісті
конференцияда (жалпы жиналысында) анықталады.
39.5. Партия филиалы (өкілдігі)
конференциясының (жалпы жиналысының) шешімдері Партияның аталмыш Филиалының (өкілдігінің)
барлық мүшелеріне орындалуы үшін міндетті болып табылады.
39.6. Егер, Партия филиалдардың
(өкілдіктерінің) конференцияларының (жалпы жиналыстарының) қабылдаған шешімдері
Партияның және оның орталық басшылығының жалпы саясатына қайшы келетін болса,
не Партияның мүдделері мен беделіне нұқсан келтірсе, осы Жарғыда қарастырылған
тәртіппен Партияның орталық органдары шешімді тоқтата алады не күшін жоя алады.
39.7. Партия филиалының
(өкілдігінің) конференциясының (жалпы жиналысының) құзыретіне мыналар жатады:
1) Партияның орталық органдарының
құзыретіне жатқызылғандарынан басқа, Партия филиалының (өкілдігінің) қызметіне
байланысты мәселелерді шешу;
2) қолданыстағы
заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан
Республикасы Құрылтайының депутаттығына, әкімшілік-аумақтық бірліктердің
атқарушы органдарына және мемлекеттік билік органдарындағы өзге де сайланбалы
лауазымдарға ұсыну туралы ұсыныстарды Партияның орталық органдарына енгізу;
3) тиісті әкімшілік-аумақтық
бірлік мәслихатының депутаты етіп сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу;
4) барлық деңгейдегі сайланатын
әкім лауазымына және мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі
басқару органдарындағы өзге де сайланбалы лауазымдарға кандидатуралар ұсыну;
5) күші жойылды;
6) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі аудандар мен облыстық
бағыныстағы қалаларда Партия өкілдіктерін құру туралы шешім қабылдау;
7) Партия филиалының
(өкілдігінің) Кеңестерін, оларға конференциялар (жалпы жиналыстар) аралығындағы
кезеңде, тиісті органның жалпы санының 1/3 бөлігінен асырмай, өз құрамдарына
жаңа мүшелерді кооптациялау құқығын бере отырып, сайлау;
8) Партия филиалының
(өкілдігінің) Төрағаларын сайлау, олардың есептерін тыңдау;
9) аталмыш аумақтарда Партия
атынан өз құзыретінің шегінде шешімдер, мәлімдемелер қабылдау және өзге де
іс-әрекеттер жасау.
39.8. Филиалдың (өкілдіктің)
конференциясы (жалпы жиналысы) жекелеген өкілеттіктерін арнайы шешім қабылдай
отырып, Партия филиалының (өкілдігінің) Кеңесіне не Төрағасына бере алады.
39.9. Партия филиалының
(өкілдігінің) конференцияларының (жалпы жиналыстарының) шешімдері Партия
Төрағасымен тоқтатылуы мүмкін, Партияның Саяси кеңесі Президиумы және (немесе)
Партияның Саяси кеңесінің өкілеттіктері шегінде күші жойылуы мүмкін.
39.10. Партияның Саяси кеңесі немесе Партия филиалының (өкілдігінің)
кеңесі мәслихат депутатын сайлау үшін партиялық тізім тіркелгенге дейінгі
кезеңде және одан кейін аумақтық сайлау комиссиясына мәслихат депутаттығына
кандидатты партиялық тізімнен шығару туралы тиісті ұсыныс енгізе алады.
40. Конференциялар аралығында Партия филиалының (өкілдігінің) қызметін
Партия филиалының (өкілдігінің) Кеңесі жүзеге асырады.
40.1. Партияның филиалының
(өкілдігінің) Кеңесінің отырысы Партия филиалы (өкілдігі) Төрағасының
шешімімен, немесе Партия филиалының (өкілдігінің) Кеңесі мүшелерінің 1/3-нің
бастамасымен, не Партияның орталық басшылығының талап етуімен қажеттілігіне
қарай, бірақ кем дегенде алты айда бір рет шақырылады.
40.2. Партия филиалы (өкілдігі)
Кеңесінің отырыстары мүшелерінің жартысынан астамы қатысқанда өкілетті.
40.3. Партияның тиісті филиалының
(өкілдігінің) Кеңесінің құзыретіне мыналар жатады:
1) Партия филиалының
(өкілдігінің) конференциясын (жалпы жиналысын) шақыру;
2) Партия Съездерінің, Партияның
басшы органдарының, сондай-ақ Партия филиалының (өкілдігінің) тиісті
конференциясының (жалпы жиналысының) шешімдерін іске асырудың мониторингін
жүргізу;
3) Партияның тиісті филиалының
(өкілдігінің) Төрағасының есептерін тыңдау;
4) Партия филиалының
(өкілдігінің) конференциясына (жалпы жиналысына) партия жұмысын жақсарту
жөнінде ұсыныстар енгізу;
5) Жарғының 40.4-тармағында
көзделген тәртіппен тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі мәслихаттарға
кандидаттардың партиялық тізіміне енгізілген депутаттық мандаттарды бөлу;
6) сайланған мәслихат
депутаттарын кері шақырып алу немесе ротациялау;
7) Партияның Жарғысы мен Партия
филиалы (өкілдігі) туралы Ережеге қайшы келмейтін басқа да өкілеттіктер.
40.4.Қазақстан Республикасындағы
сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес
мәслихаттар депутаттығына, барлық деңгейдегі сайланатын әкімдерге кандидаттар
ұсыну құқығы Партия (конференция) филиалының (өкілдігінің) жоғары органына
тиесілі.
Партия филиалы (өкілдігі)
конференциясының (жалпы жиналысының) осы Жарғының 39.7-тармағының 3) - 6)
тармақшалары және 40.3-тармағының 5) тармақшасы негізінде қабылданған шешімдері
оның қолымен және партияның мөрімен куәландырылған Партия Төрағасымен міндетті
түрде келісілуге тиіс.
Филиалдардың (өкілдіктердің)
сайлау комиссияларына жіберілетін, Партия Төрағасының қолымен және Партияның
мөрімен расталмай жіберілетін шешімдер жарамсыз болып табылады;
41. Партия филиалының
(өкілдігінің) атқарушы органы Партияның тиісті филиалының (өкілдігінің)
Төрағасы болып табылады.
41.1. Партия филиалының
(өкілдігінің) Төрағасы филиалдың (өкілдіктің) конференциясымен (жалпы
жиналысымен) екі жыл мерзімге сайланады. Қажеттілік болған жағдайда, Партия
филиалының (өкілдігінің), осы филиалдың (өкілдіктің) бастауыш ұйымдарының
1/3-нің бастамасымен не Партияның орталық басшылығының шешімі бойынша Партия
филиалының (өкілдігінің) Төрағасын мерзімінен бұрын сайлауға жол беріледі.
41.2. Партия филиалының
(өкілдігінің) Төрағасы өз іс-әрекеттері мен шешімдерінде Партия филиалының
(өкілдігінің) конференциясына (жалпы жиналысына) және Партияның орталық
басшылығына бағынып есеп береді. Партияның, оның қатардағы мүшелерінің өзекті
мақсаттары мен мүдделерін, Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы
Жарғыны және Партия филиалы (өкілдігі) туралы Ережені басшылыққа алады.
41.3. Партия филиалының
(өкілдігінің) төрағасы Партия филиалын (өкілдігін) ағымдағы басқаруды Партияның
Саяси кеңесі Президиумының филиалдың (өкілдіктің) осы Төрағасын сайлау туралы
Партия филиалы (өкілдігі) конференциясының (жалпы жиналысының) хаттамасын
бекіту жөніндегі шешімі бойынша Партия Төрағасы қол қоятын бас сенімхат
негізінде жүзеге асырады.
41.4. Партия филиалының (өкілдігінің) Төрағасы:
- Партияның аймақтық және
жергілікті органдарының жұмысын ұйымдастырады, олардың біртұтас ұйымдық құрылым
ретіндегі үйлестірілуін және өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
- Партия филиалы (өкілдігі)
конференциясының (жалпы жиналысының), Партия филиалы (өкілдігі) Кеңесінің
қаулылары мен хаттамаларына, сондай-ақ өз құзыреті шеңберінде Партия филиалы
(өкілдігі) атынан өзге де құжаттарға қол қояды;
- жергілікті деңгейде мемлекеттік
билік органдарында, барлық өзге органдар мен ұйымдарда Партия филиалының (өкілдігінің)
атынан өкілдік ете алады;
- Партия филиалы (өкілдігі)
Кеңесінің жұмысын басқарады, оның мәжілістерін шақырады және төрағалық етеді;
- Партия филиалы (өкілдігі)
конференциясының (жалпы жиналысының) және Партия филиалы (өкілдігі) Кеңесінің
қарауына оларда қаралатын мәселелер бойынша шешімдер мен құжаттардың жобаларын
ұсынады;
- Партияның орталық басшылығының
қарауына Партия филиалының (өкілдігінің) штат кестесі және аппараттың жеке
құрамы бойынша ұсыныстар енгізеді, оның жұмысын ұйымдастырады;
- сеніп тапсырылған Партия
филиалының (өкілдігінің) қызметін қаржылық және материалдық-техникалық жағынан
қамтамасыз етуі, Партия филиалының (өкілдігінің) штаттық қызметкерлерінің еңбек
құқының сақталуы үшін жеке жауапкершілік алады;
- тиісті Партия филиалының
(өкілдігінің) материалдық жауапкершілік алатын тұлғасы, сеніп тапсырылған мүлік
пен қаржының бірыңғай өкімдік етушісі болып табылады, олардың өз орнына
пайдаланылуын басқаруды, ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асырады;
- Партияның кез келген
мүшелерінің және органдарының өзіне сеніп тапсырылған Партия филиалының
(өкілдіктің) жұмысын жақсартуға және оның тиімділігін арттыруға бағытталған
ұсыныстарын қарайды;
- Партия филиалы (өкілдігі)
конференциясының (жалпы жиналысының) және Партия филиалы (өкілдігі) Кеңесінің,
сондай-ақ Партияның орталық басшылығының қарауына Партия жұмысын жақсартуға
және оның тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар береді;
- Қазақстан Республикасының
заңнамаларына, осы Жарғыға және Партия филиалы (өкілдігі) туралы Ережеге қайшы
келмейтін өзге де қызметтерді атқарады.
41.5. Партия филиалының
(өкілдігінің) Төрағасы өзінің құзырындағы жекелеген өкілеттіктерін Партия
филиалы (өкілдігі) Төрағасының тиісті шешім қабылдауы арқылы тағайындалған
орынбасарына не Партия филиалы (өкілдігі) Кеңесінің нақты мүшелеріне беруге
құқылы.
42. Партия филиалының
(өкілдігінің) қызмет ету тәртібі, сондай-ақ олардың Партияның орталық
басшылығымен өзара іс-қимылы Партияның Саяси кеңесі Президиумы бекітетін Партия
филиалдары (өкілдіктері) туралы Ережемен айқындалады.
43. Партияның орталық және өңірлік органдары жанынан атқарушылық
немесе өкілдік өкілеттіктері жоқ, Партияның Саяси кеңесі Президиумы бекітетін
олар туралы тиісті Ережелер негізінде жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші
органдар құрылуы мүмкін.