VІІ. Партияның ұйымдық құрылымы

28. Партияның ұйымдық құрылымы аумақтық принциптер негізінде құрылады.

29. Съезд, Партияның Саяси кеңесі және оның Президиумы, Партияның Төрағасы, сондай-ақ Бақылау-тексеру комиссиясы Партияның орталық органдары болып табылады.

Өңірлік және жергілікті деңгейде Партияның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылатын құрылымдық бөлімшелері – Партияның филиалдары (өкілдіктері) болады.

30. Партия филиалдары (өкілдіктері) Партия съезінің шешімін қабылдау жолымен құрылады және Партия мемлекеттік тіркеуге алынғаннан кейін, заңнамаларда белгіленген тәртіп пен мерзімде есептік тіркеуден өтеді.

Партияның өкілдіктері аудандар мен облыстық бағыныстағы қалаларда тиісті облыстың Партия филиалының конференциясының оларды құру жөніндегі шешімінің негізінде құрылады.

31. Филиалдар (өкілдіктер) өздеріне берілген өкілеттіктер мен пайдалану құқығы негізінде Партияның мүлкіне ие болады. Олар дербес заңды тұлға болып табылмайды, Партияның орталық басшылығына бағынады және оған есеп береді, Партияның Саяси кеңесі Президиумы бекітетін Ережелер негізінде әрекет етеді және өз қызметінде Партияның Жарғысын, Бағдарламасын және Партияның орталық органдарының шешімдерін басшылыққа алады.

32. Партия филиалдарының (өкілдіктерінің) басқару органдары Партияның жоғары басшы және басқарушы органдарының шешімдерін жүзеге асыру барысында Партияның стратегиялық бағытын ұстана отырып және Партияның ресми ұстанымына және құжаттарына қайшы келмей, алдарына қойылған міндеттерді орындауға қол жеткізу жолдарын дербес айқындай алады.

Партияның Орталық органдарымен кездесуі мүмкін келіспеушіліктерді Партия филиалдарының (өкілдіктерінің) басқарушы органдары Партияның беделі мен мүдделеріне нұқсан келтірмей тікелей ішкі партиялық пікірсайыстар жолымен шешуге міндетті.

Партия ішіндегі дауларды басқаша, Партия мүдделері мен беделіне нұқсан келтіретіндей шешу әдістеріне жол берілмейді, Партия Жарғысына сәйкес емес деп танылады және Партиядан шығаруға дейін әкеліп соғатын партиялық жауапкершілік шараларын қолдануға мәжбүрлейді.

33. Партия мүшелері ерікті түрде бастауыш партия ұйымдарына бірігуге құқылы, егер Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жағдайларға қайшы келмесе.

Бастауыш партия ұйымдары Партияның құрылымдық бөлімшелері болып саналмайды және заңды тұлға бола алмайды.