«Ақ жол» фракциясы бұқаралық жастар арасында ІТ-білім беру үшін мемлекеттік қолдау шараларын талап етеді

» Депутаттық сауалдар » «Ақ жол» фракциясы бұқаралық жастар арасында ІТ-білім беру үшін мемлекеттік қолдау шараларын талап етеді

10.02.2021, 13:46

Қазақстан Республикасының

білім және ғылым министрі

А.Қ. Аймағамбетовке

Қазақстан Республикасының

цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Б. Б. Мусинге

Өткен жұмада Тәуелсіздіктің 30 жылдығын дайындау жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Креативті индустрия әлемдік экономиканың ең жылдам дамып келе жатқан сигменттерінің бірі болып табылатының айтты. Бұл саланың көлемі бірқатар дамыған мемлекеттерде ішкі жалпы өнімнің 10% – ына жетеді”.

Ол Үкіметке осы маңызды саланың инфрақұрылымын дамытуды тапсырды, жастарға үздік мамандардан арнайы курстар мен мастер-кластар өтуге мүмкіндік беруді тапсырды.

Біздің ойымызша, цифрландыру креативті экономиканың қозғаушы күші болып табылады.

Мәселен, 2020 жылғы әлемдегі ең қымбат 100 компанияның рейтингінде көпшілігі (20 компания) IT-технологиялар саласында қалып отыр. Содан кейін ғана қаржылық қызметтер, автоөнеркәсібі және бөлшек сауда. Google, Microsoft, Amazon, Facebook сияқты алыптарды IT саласындағы ең мықты компаниялардың мысалы деуге болады.

Беларусь, Украина, Польша сияқты дәстүрлі экономикасы бар бірқатар мемлекеттер IT саласындағы  компаниялардың арқасында табыстарын көбейтіп отыр.

Беларусьтың «Wargaming» компаниясын мысалға алайық, компанияның World of Tanks өнімі халықаралық бестселлерге айналды, компанияның әлем бойынша 5000-нан астам қызметкері бар. 2018 жылдың өзінде  бұл өнімнің таза пайдасы 471 миллион АҚШ долларын құраған.

Сонымен бірге, біздің елде IT-индустрия әлі де сәби кезеңінде.

Мемлекет, бұл мәселені шешу үшін күш салып, елімізде IT-университеттер мен IT-технологиялар паркін іске қосқан.

Алайда, отандық өнім сапасы сын көтермейді, өзіміздің «Силикон алқабы» да пайда болған жоқ. IT-пәндерді саладан хабары жоқ адамдардың оқытып жүргені жасырын емес. Соның салдарынан, түлектер көбіне тиісті білімі ала алмайды, ал, қазақстандық компаниялар әлі де шетелдік маманның қызметіне жүгінеді.

Практикалық оқытуға бағытталған мамандандырылған IT-мектептер нарығында “Шаг”, “Алем” сияқты жекеменшік мектептер бар, олардың практикалық дағдылары бар, түлектерін банктер мен ұлттық компаниялар дереу бөлшектейді, ал шағын және орта бизнес білікті IT кадрларға мұқтаж болып  қала береді.

IT-білім берудің маңызды проблемалары практикалық сабақтардың болмауы; білім беру бағдарламаларының тез дамып келе жатқан процестерден және саладағы жетістіктерден артта қалуы және т.б. отандық IT-өндірушілердің артта қалуының айқын көрсеткіші олардың ішкі нарықта оқшаулануы болып табылады, ал, мысалы, Беларуссияда IT экспорты миллиардтаған долларға бағаланады.

Осыған байланысты “Ақ жол” фракциясының депутаттары:

1) Жастар арасында жаппай сипаттағы IT-білім беру бойынша, оның ішінде табысты жеке IT-мектептерді қолдау арқылы оқу құнын, Беларусь, Украина, батыс және Азия елдерінің орталықтарын қоса алғанда, жетекші халықаралық IT-технологиялар орталықтарынан тартылатын оқытушылардың жалақысын субсидиялау арқылы мемлекеттік қолдау шараларын көрсету.

2) IT-өнімге халықаралық лицензиялар мен франшизалар сатып алу сияқты шағын орта бизнесті қолдау шарасын енгізуді.

3) Жұмыс істеп тұрған IT-компанияларда практикалық сабақтарды оқу уақытының 40% -на дейін жеткізу арқылы дуалды білім беруді дамытуды.

4) Осы мақсатта бейінді IT-жоғары оқу орындары мен колледждерді және олардың білім беру бағдарламаларын бекітуді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне беруді ұсынады.

Құрметпен «Ақ жол» фракциясының депутаттары