«KEGOC» АҚ-ның 2014 жылдың 1 қарашасынан бастап тарифтерді жоғарылатуы заңды ма?

» Депутаттық сауалдар » «KEGOC» АҚ-ның 2014 жылдың 1 қарашасынан бастап тарифтерді жоғарылатуы заңды ма?

15.10.2014, 00:00

                                                         Қазақстан Республикасының
                                                ПремьерМинистрі
                                         
К.Қ.Мәсімовке

СауалдыжариялағанНұрлан Жазылбеков
                         
                        Депутаттықсауал
                                        ҚұрметтіКәрімҚажымқанұлы!
          «KEGOC» АҚ электр желісі арқылы энергияны беру бойынша реттелетін техникалық диспетчерлікті желіге жіберу және электр энергиясын пайдалану бойынша қызметтерге, сонымен қатар төтенше өлшем ретінде электр энергиясын өндіру  мен пайдалануды теңгеруді ұйымдастыру бойынша қызметтерге тарифтердің шектік деңгейін және «KEGOC» АҚ-ның тарифтік сметасын растау туралы» табиғи монополияларды реттеу бойынша ҚР-ның Агенттігінің 16.05.2014ж. № 105-ОД бұйрығына жүгіне отырып, энергия үнемдеуші ұйымдарға хабарландыру жасаған болатын.

Берілген бұйрыққа сәйкес «KEGOC» АҚ-ның құнды қағаздар нарығындағы акцияларын орналастыру туралы шешімі қабылданған кезден бастап тарифтерді жоғарылату жүргізілуі тиіс.
Электр энергиясын 50%-ға дейін беруге тарифтің жоғарылуы қатты алаңдатады.
Бұйрықта тарифтің өсу себебі төтенше реттеу шарасын қолдану деп көрсеткен.
Табиғи монополиялар мен реттеуші нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төтенше реттеу шаралары өкілетті органмен азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың жекеменшігін қорғау, сонымен қатар қоршаған ортаны сақтау мақсатында жүргізілуі тиіс.
«Желісі бойынша электр энергиясын беруге тарифтердің жоғарылауы, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап KEGOC» АҚ-ның электр станциялары арқылы электр энергиясын 50%-ға беруге босату бағасының  көтерілуі тұрғындар мен мекемелер үшін тарифтердің жоғарылауына алып келетінін түсінеміз».
Осыған байланысты, бәсекелестікті қорғауды реттеу бойынша Комитетіне және ұлттық экономика Министрлігіне келесі сұрақтарға жауап беруді сұраймыз:
1. «KEGOC» АҚ-ның 2014 жылдың 1 қарашасынан бастап тарифтерді жоғарылатуы заңды ма?
2. Төтенше реттеу шарасын қолдану үшін қандай себеп болды? Монополист азаматтар мен заңды тұлғалардың өмірін, денсаулығын, жекеменшігін тарифті жоғарылата отырып қорғамақ па?
3. Тарифтерді енгізу биржада акцияларды орналастырғаннан кейін ғана жүргізілу керек екенін ескеріп, монополист өз тарифіне IPO-ға акцияларды орналастыру бойынша және  дивиденттерді төлеу бойынша өз шығындарын қосқан жоқ па?
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы партияның сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру бойынша және өзінің дауыс берушілерінің мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыра береді.

Құрметпен,
        «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары                       224-ДС жауабы