АӨК-нің өзекті мәселелерінің қатарына

» Депутаттық сауалдар » АӨК-нің өзекті мәселелерінің қатарына

15.10.2014, 18:00

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К.Қ.Мәсімовке
 Сауалды жариялаған депутат Светлана Қадралиевна 
Депутаттық сауал
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! 
Экономиканың шынайы секторы қаржыландырудың қол жетімді тұрақты бастау көзі болмаса  дами алмайтыны белгілі. Сонымен қатар мұндай бастау көздердің коммерциялық түрде өмір сүруі, дәлірек айтқанда банктік қаржыландыру  басқа саланың экономикалық тиімділігіне немесе нақты сол өнеркәсіпке тәуелді. Өкінішке орай, Қазақстанның тек кейбір стратегиялық маңызды секторлары ғана бүгінгі күні әлемдік ойыншылар мен таяудағы көршілерге қатысы бойынша бәсекеге қабілетті жағдайда. Бұл мұндай салалардың жетілуін төмендетеді және жалпы еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін.
Мұндай жағдайға аграрлық сектор да ұшырап отыр. Өнімділік мәселелері, бәсекелес емес логистикалық құраушы бизнестің жоғарғы капиталдық сыйымдылығы бұл секторға қарыздық жүктеме әкелді.
АӨК-нің өзекті мәселелерінің қатарына келесілерді жатқызуға болады:
Бірінші. АӨК-нің өзекті мәселелерінің бірі қаржыландырудың жеткіліксіздігі, соның ішінде банктік кредиттеу мен жеке инвестициялар есебінен қаржыландыру. «Қазіргі таңда банктік сектор аграрлық мекемелерді кредиттеуді жүзеге асыруға еш қызығушылық танытпайды, бұл ең соңында басқа қаржыландыру көздері болмаған кезде ауыл шаруашылығының төмендеуіне әкеліп соғады.
Сондықтан да аталған сала бойынша қаржылық жағдайды тұрақтандыруды қолдау механизмінің болуы өте маңызды.
ЕДБ саясатына  түрлі факторлар да әсер етеді.
Яғни, ең алдымен Ұлттық банктің қаржылық-кредиттік саясаты бойынша, оларға 5,5%  қайта қаржыландыру  мөлшерлемесімен  қарыз ұсынады.
Банктік секторға ең алдымен Халықаралық валюталық қормен ұсынылған халықаралық қаржыландыру жүйесі де әсер етеді.
ХВҚ АҚ принципі бойынша әр қатысушы мемлекет өзінің капиталдағы үлесінің шеңберінде Қор қызметіне әсер етеді. Яғни, ірі кредитор-мемлекеттерде ең көп дауыс болғандықтан, сәйкесінше, олар «тапсырысты да береді» және басқа мемлекеттерге экономикалық және саяси қысым көрсету үшін пайдалануға мүмкіндік алады.
Жүйелік сипатқа ие  дағдарыстық құбылыстардың  жоғарылауының жаһандық экономикада бақылануын есепке ала отырып, қаржылық-кредиттік саясатты мемлекеттің,  сонымен қатар қаржыландырудың ішкі көздерінің  басты қаржылық реттеуішісі ретінде жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.
Екінші. Шешімді талап ететін сұрақтардың ішінде жеке кәсіпкерлерге және Қазақстанның соттық жүйесіне, инвесторларға деген сенімнің төменгі деңгейі сияқты кедергілер бар. Қазақстанның инвестициялық зерттеулерінің мәліметтеріне сәйес 2013 жылы (Buildingabetterworkingworld) жеке құқықты және инвестициялардың қауіпсіздік кепілділігін сақтауға қатысты қауіп орын алады. Одан басқа да, шетел инвесторлары тұрақты түрде құқық нормаларының бір қатарлы емес интерпретациясы және оларды таңдау бойынша қолдануда түрлі жағдайларға ұшырап жатады.
Үшінші. Сарапшылардың пікірінше, құрылыс салуға байланысты бизнесті жүргізу  үшін рұқсат алудағы   қолайсыз факторлардың бірі әкімшілік кедергілер бар. «Doing Business»-ке сәйкес, «құрылысқа рұқсат алу»   ұстанымы бойынша   Қазақстан «мәртебелі» 145 орынды алады. Сонымен қатар, Қазақстанда қызмет етуші инвесторлардың  50%-ың пікірінше,  оның ішіне түбегейлі жаңартуды қажет ететін  толық дамымаған көліктік-логистикалық құрылым да енеді.
Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы мәселелерін шешу бойынша шаралар қолдану керектігі жөніндегі ұсыныспен шықты. Онда: «Ұлттық банктің қайта қаржыландыру  мөлшерлемесін 3-3,5%-ға дейін төмендету; МВФ-пен серіктестік шарттарын қайта қарастыру; жұмысшы заңнаманы жетілдіру, сонымен қатар салықтық, сот жүйесі, әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша және т.б. бағыттағы жұмыстарды жалғастыруда бұл оң қадамдар дұрыс бола алады» деп санайды.
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Сізден, жоғарыда аталғандарды ескере отырып, айтылған мәселелер бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат беруіңізді сұраймыз.
 
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП
фракциясының депутаттары                       230-ДС жауап