«Ақ жол» ҚДП фракциясының сауалына дипломатиялық арналар арқылы келіп түскен мәлімет «СК-Фармация»-ның қызметіндегі жолсыздықтар туралы Үкіметтің теріс жауабын бекерге шығарды – ҚР Бас прокурорының атына жолданған депутаттық сауал

» Депутаттық сауалдар » «Ақ жол» ҚДП фракциясының сауалына дипломатиялық арналар арқылы келіп түскен мәлімет «СК-Фармация»-ның қызметіндегі жолсыздықтар туралы Үкіметтің теріс жауабын бекерге шығарды - ҚР Бас прокурорының атына жолданған депутаттық сауал

12.03.2014, 00:00

 2014 жылдың 12 наурызда жарияланған                      

Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
А. Қ. Дауылбаевқа

           Депутаттық сауал

 Құрметті Асхат Қайзоллаұлы!

 Статистикалық деректер көрсеткендей, Қазақстан вирусты гепатитпен ауыру деңгейі жоғары өңірге жатады. Мәселен, елімізде жыл сайын вирусты гепатиттермен ауыратын науқастардың 13 тен 30 мыңға жуығы тек ресми түрде тіркеледі.
2011 –  2015 жылдарға арналған ‘Саламатты Қазақстан’ мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл сайын 3,5 млрд. теңге қаражат бөлінеді. Кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлеміне гепатитке қарсы емдеу де кіреді.
«Ақ жол» ҚДП фракциясымен бұдан бұрын да,  2013 жылғы 6 қарашада гепатитті емдеуге дәрілік заттардың қымбат бағамен сатып алынатындығы туралы депутаттық сауал жолданған болатын. Онда осы дәрі-дәрмектерді Грузияның едәуір төмен бағаға сатып алғанын мысалға келтірген. Алайда, осы сауалға келіп түскен жауап бұдан да көп сұрақтарды туындатты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жауабына сәйкес, сатып алынатын дәрі-дәрмек мөлшерінің айырмасын ескеретін болсақ, олардың түпнұсқасының нарықтағы бағасының 10 – 15 % аралығында ауытқып тұруы әбден мүмкін. Бұл  орайда, Грузия дәрінің түпнұсқасын емес, өз өндірісінің аналогын сатып алған сияқты.
«Ақ жол» ҚДП фракциясының дипломатиялық арналар арқылы жолданған сауалына грузия тарабы гепатитті емдеу үшін дәрі-дәрмектердің түпнұсқасы 92,88 АҚШ долларына сатып алынғаны расталды, (хат қосымша тіркелген). Ал «СК-Фармация» ЖШС (бұдан әрі – «СК-Фармация») дәрі-дәрмектерді 330 АҚШ долларына (50 472 тг) сатып алған, яғни Қазақстан 2 есе көп мөлшердегі дәрі-дәрмекті 3 есе қымбат бағамен сатып алған.
Ем қабылдау үшін алдын-ала тексерулерден өту қажет, себебі бұл ауру «әлеуметтік маңызы бар» болғандықтан – ақысыз жүргізілуі тиіс.
2013 жылы гепатит ауруын зерттеу шараларын жүргізу мақсатында
16 аппарат сатып алынған. Сонымен қатар, медициналық өнімдерді сатып алатын   бірыңғай дистрибьютор – «СК-Фармация» ЖШС-і болып табылады.
Осы ауруды зерттеу үшін «СК-Фармация» ЖШС-мен «Дельрус РК» ЖШС-нен әрқайсысы 35 млн. теңгеден, барлығы 300 млн. теңгеге 9 аппарат сатып алынған.
Сонымен бірге, 2013 жылғы жағдай бойынша, аталған ЖШС-тің өзбек және қырғыз филиалдары аталған аппараттың бағасын 19 млн. теңгеден сатып отыр («Дельрус-Ташкент» ҚБҰ-ның 21.02.2014 ж. мен «Дельрус СА» ҚБҰ-ның 28.02.2014 ж. прайс-парақтары).
Интернет-дерекнамаларға сәйкес, ТМД аумағында осыған ұқсас аппараттардың бағасы 18-20 млн. теңге айналасында құбылып тұр.
Сөйтіп, аталған жабдық ұсыныс бағасынан 2 есе жоғары бағаға сатып алынған. «СК-Фармация» ЖШС-і сатып алған медициналық техниканың бағасы мен нарықтағы құнының арасындағы айырма –  144 млн. теңгені (бір аппараттың бағасы –  16 млн. тг) құрап отыр. Сол кездегі қолданыстағы ақша бағамы бойынша бұл шамамен 1 млн. АҚШ долларын құрайды.
Алайда, жарты жыл бұрын сатып алынған аппараттар, БАҚ-ның мәліметтеріне сәйкес, осы уақытқа дейін белгісіз себептермен жұмыс істемей тұр.
Аталған дәрі-дәрмектер мен техникаларды делдалдарсыз, тікелей өндіруші зауыттардан төменгі бағамен сатып алудың заңнамалық мүмкіндігін қарастыру қажет. Мәселен, дәрілік заттар мен техниканы сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Ережелеріне сәйкес, егер шетелдік өндірушінің баламасы жоқ бір ғана дәрілік заты мен техникасы тіркелген болса, онда бір көзден, яғни өндіруші зауыттан сатып алынуы мүмкін.
Алайда, «СК-Фармациясы» сатып алуды тендер шеңберінде, яғни делдалдар арқылы жүзеге асырып отыр.
Құрметті Асқат Қайзоллаұлы! «Ақ жол» ҚДП-ның депутаттық фракциясы жоғарыда баяндалғандарға байланысты, Сізден гепатитпен ауыратын науқастарды емдеу үшін медициналық техникаларды және дәрілік заттарды сатып алуды өткізудің заңдылығы мен тиімділігі туралы мәселені қарауды сұраймыз.
 
Қосымша: 5 парақта.
 
Құрметпен,
 
«Ақ жол» ҚДП парламенттік 
фракциясының депутаттары      

М.Қазбекова

А.Перуашев

Е.Никитинская

А.Әбілдаев

Т.Ерғалиев

Н.Жазылбеков

С.Қадралиева

А.Тұртаев