«Ақ жол»: Паралимпиада, Сурдолимпиада ойындарының жүлдегерлерін көтермелеу Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін көтермелеу мөлшерімен теңестірілуі тиіс – ҚР Премьер-Министрінің атына жолданған депутаттық сауал

» Депутаттық сауалдар » «Ақ жол»: Паралимпиада, Сурдолимпиада ойындарының жүлдегерлерін көтермелеу Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін көтермелеу мөлшерімен теңестірілуі тиіс - ҚР Премьер-Министрінің атына жолданған депутаттық сауал

02.04.2014, 00:00

2014 жылдың 02 сәуірінде жарияланды
 
                                                                                      Қазақстан Республикасы
                                                                                      Премьер-Министрі 
                                                                                      С.Н. Ахметовке
 
Депутаттық сауал
 
Құрметті Серік Нығметұлы!
 
            Жуырда Сочи қаласында қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындары аяқталғаны белгілі. Бұл ойындарға қатардағы спортшылардан басқа, Қазақстандық спорт тарихында алғаш рет Қысқы Паралимпиада ойындарына 5 жолдаманы жеңіп алған қазақстандық мүмкіндігі шектеулі спортшылар қатысты.
            Біздің паралимпиадашылар медаль алмады, алайда әлемде қатардағы спортшылардың жетістіктеріне қарағанда мүмкіндігі шектеулі адамдардың спорттағы жетістіктері  жоғары бағаланады. Себебі, жеңіске деген жолда  олар қарсыластарын ғана емес, өздерін өзі және бойындағы кеселін жеңуі тиіс. 
            Қазіргі спортта спортшыларды дайындау және оларды жеңіске ынталандыру үшін қомақты қаржы салмай мүмкін емес. Бұл жөнінде Қазақстан көшбасшылардың бірі: біздің елімізде Олимпиада медальдары үшін 250 мың АҚШ долларына дейін көлемде ресми сыйлық  белгіленген.
            Одан басқа, «Ақ жол» партиясының фракциясын қоса алғанда, депутаттардың бастамашылығы бойынша «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына соңғы түзетулермен Олимпиада ойындарының медаль иегерлеріне мемлекеттің есебінен тұрмысқа жайлы пәтер бөлу қарастырылған.
            Сонымен қатар, Паралимпиада және Сурдолимпиада ойындарының қорытындысы бойынша жоғары жетістіктерге жеткен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қатарындағы спортшыларға ең жоғары сыйақы мөлшері 50 мың АҚШ доллары, яғни дені сау спортшыларға қарағанда 5 есе кем белгіленген.
            Паралимпиада және Сурдолимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер беру сияқты көтермелеудің аса маңызды түрі мүлде қарастырылмаған.
Нәтижесінде, мүгедектердің ішінен шыққан біздің спортшылар ерлік көрсетіп, қарсыластарын және өз дертін жеңіп, Қазақстанның туын халықаралық жарыстарда ең жоғарғы дәрежеде көтерді, бірақ өздері жеке баспанасы да жоқ, ауыр тұрмыстық жағдайда тұрып қала береді. Бұл туралы «Ақ жол» партиясына мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінен хабарламалар келуде.
Мәселен, 2013 жылғы София қаласында (Болгария) өткен  13-ші Сурдолимпиада ойындарындағы еркін күрес бойынша Жамбыл облысының спортшысы Ғабит Есжанов чемпион болды. Не оның өзі, не оның бапкері немесе командалас, мысалы, 5-ші орын алған Бағдат Сәбитов ешқандай да сыйақы немесе тұрғын үй алған жоқ.
2013 жылы Монреальда (Канада) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған спортшылардың арасынан жүзу бойынша күміс және қола медальді жеңіп алған Зульфия Габидуллинаның жетістіктері де материалдық м көтермелеусіз қалды және т.б.
Негізінде, біздің паралимпиадашылардың осындай жетістіктері мыңдаған мүмкіндігі шектеулі азаматтарды белсенді өмір сүруге және жаңа еңбек қызметіне бейімделуге де тартуы мүмкін еді.
Бірақ, өзінің баспанасы жоқ чемпион, қандай үлгі көрсетпек?
Сонымен бірге, әлемде Паралимпиада, Сурдолимпиада ойындары да Олимпиада сияқты кеңінен жарияланады, қазақстандық мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жоғары жетістіктері Қазақстанның халықаралық беделін ғана емес, адамгершілік қағидаттарын жүзеге асыратын, әлеуметтік саясаты тұрақты ел ретінде көтеруге қызмет етеді.
Паралимпиада, Сурдолимпиада ойындарының жүлдегерлері мен жеңімпаздарын марапаттау дәрежесін Олимпиада ойындары үшін берілетін сыйақымен салыстыруға келмейтіні туралы факт – ҚР Конституциясына да қайшы келеді.
Әлемде Паралимпиада, Сурдолимпиада ойындары мүмкіндігі шектеулі спортшылар үшін болғанымен Олимпиада ойындарының баламасы деп танылған.
ҚР Конституциясына сәйкес,  азаматтардың бәрі тең және өзінің әлеуметтік жағдайына немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Бірақ жоғарыда аталған  қатардағы спортшыларды және мүмкіндігі шектеулі спортшыларды ынталандырудағысәйкессіздік осындай кемсітулердің бар екенін айғақтайды.
Президенттің қазіргі жолдауында мүгедектерді қолдау және әлеуметтік бейімделуіне ерекше көңіл бөлінгені белгілі.
Жоғарыда баяндалғандарға байланысты, «Ақ жол» Демократиялық партиясының депутаттары Үкіметтен осы әділетсіздікті жою және Паралимпиада, Сурдолимпиада ойындарының жүлдегерлерін ынталандыру мөлшерін Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін ынталандыру мөлшерімен  теңестіру туралы мәселеніқарауды сұрайды.
 
Құрметпен,
 
«Ақ жол» ҚДП парламенттік
фракциясының депутаттары                                                                           
М.Қазбекова
А.Перуашев
Е.Никитинская
А.Әбілдаев
Н.Жазылбеков
А.Тұртаев
Т.Ерғалиев
С.Қадралиева