«Ақ жол» партиясы есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарға жауапкершілікті күшейтуді талап етеді – ҚР Премьер-Министрінің атына жолданған депутаттық сауал

» Депутаттық сауалдар » «Ақ жол» партиясы есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарға жауапкершілікті күшейтуді талап етеді - ҚР Премьер-Министрінің атына жолданған депутаттық сауал

09.04.2014, 00:00

2014 жылғы 9 сәуірде жарияланған
 
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
К.Қ. Мәсімовке
 
 
 
Депутаттық сауал
 
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
 
Мемлекет басшысы өзінің 2010 жылғы 1 ақпандағы Жарлығымен  Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіткені өзіңізге белгілі, ондағы негізгі мақсат  салауатты өмір салты саласында 2015 жылға дейін халық арасында нашақорлықты 15 %-ға дейін төмендету болатын.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Үкіметімен «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 – 2016 жылдарға арналған Салалық бағдарламасы туралы» қаулысы бекітілді.
Қазақстан Республикасында нашақорлықтың кеңінен таралуы өткір әлеуметтік маңызы бар мәселеге айналып осы шараларды қабылдауға себеп болды.
Қазіргі уақытта осы саладағы жағымсыз беталыс сақталып тұр.
Бас Прокуратураның ақпаратына сәйкес, елімізде нашақорлардың саны 50 мың адамның төңірегінде екен. Алайда, прокуратураның өзінде бұл сандарды 100 % сенімділікпен дұрыс еместігін айтып отыр, өйткені әрбір үшінші нашақор есепке тұрудан қашады. 2001 жылы Денсаулық сақтау министрлігі іс жүзінде еліміздегі нашақорлардың саны 250 мыңнан астам адамды құрайтыны туралы мағлұмат жариялады, ал кейбір ғылыми дереккөздері – одан да көп, 500 мың адам деген санды келтірді.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің статистикалық деректеріне сәйкес, есірткі, психотроптық немесе улы заттарды және прекурсорлардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың саны 2013 жылдың қорытындысы бойынша 4 215 адамды құрады, оның ішінде, жартысынан көбі жас адамдармен жасалады. Есірткіні алғаш рет пайдаланған жасөспірімдердің жасы жасарып келеді. Есірткі пайдалану жасының жасару беталысы – бұл ұлттың денсаулығына, біздің демографиялық және  қоғамдағы жалпы рухани-адамгершілік негізіне зор қатер.
Қазіргі уақытта нашақорлықтық ахуалды түбірімен өзгертуге кедергі келтіретін факторлардың тобы сақталып отыр.
Бірінші. Нашақорлықтың алдын алу шаралары жаппай жүргізілмейді және аса сылбыр жүйелік сипатқа ие болып отыр. Есірткіге тәуелділік тек қана аурудың және оның отбасының мәселесі болып табылатыны жиі кездеседі.
Екінші. Нашақорлықпен ауыратын адамдарды әлеуметтік сауықтыру жүйесі тиісті дәрежеде қызмет істемейді. Олардың  қоғамға жария болудан қорқып және қаржы тапшылығының салдарынан мамандандырылған көмекке аз жүгінетіндіктері байқалады. Емдеу әдетте медициналық уытсыздандырумен аяқталады, одан кейін сырқат тағы да үйреншікті өз ортасына оралады.
Үшінші. Мемлекетпен және қоғаммен әсіресе есірткіні жастардың арасында қабылдауға және тұтынуға жасалып отырған толеранттық қатынасты алға жылжытушы есірткі бизнесінің және нашақорлық лоббидің қомақты қаржылық күші және өзге мүмкіндіктері жете бағаланбай отыр.
Төртінші. Қоғамда нашақорлықпен күресте азаматтық ынтымақтастық жетіспейтіні анық.
Бесінші. Географиялық орналасу жағдайының арқасында Қазақстан  арқылы Ауғанстаннан Ресейге және Еуропа елдеріне негізгі есірткі трафигі желілерінің  бірі өтеді.
Сонымен қатар, нашақорлықпен күрес саласындағы қабылданатын шаралардың тиімсіздігін айқын дәлелдейтін келесі маңызы зор деректі атап өту керек.
Мәселен, республикалық бюджеттен 2014 жылға нашақорлықпен күреске 142 529 мың теңге мөлшеріндегі сома қарастырылған. Соның ішінде, 14 398 мың теңгесі Денсаулық сақтау министрлігіне бөлінеді.
Алайда, жоғарыда аталған министрліктің 2014-2018 жылдарға Стратегиялық жоспарына сәйкес, бөлінген қаражаттың ПБЗ-дан тәуелділікке тартылу қаупін психологиялық тестілеудің компьютерлік бағдарламасын енгізу және ҚР халқының әлсіз топтарының – балалар, жасөспірімдер, жастардың арасында нашақорлыққа тәуелділігінің таралуының алғашқы алдын алудың тиімділігін арттыруға   жұмсалатыны қарастырылған.
Біздің пайымдауымызша, бұл тәсілдеменің тиімділігі аз болып табылады және бұл кеселмен күресуде мемлекеттің белгілеген нақты міндеттерімен және мақсатымен сәйкес келмейді.
Қазақстанда есірткі бизнесінің және нашақорлықтың кеңінен таралуы өткір әлеуметтік маңызы бар мәселе ғана емес,  сонымен бірге ұлттық қауіпсіздікке және оны одан ары дамытудың келешегіне нақты қауіп төндіреді.
Баяндалғандардың негізінде, Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, «Ақ жол» депутаттық фракциясы Сізден нашақорлық деңгейін төмендету бойынша қосымша шараларды қабылдауды, есірткі бизнесімен күресті күшейтуді және есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарға жауапкершілікті күшейтуді талап етеді.
Одан басқа, біз әскерге шақырылғандарды медициналық комиссиядан өткізген кезде, студенттер және жоғары сынып оқушылары медициналық анықтамалар алған кезде  ағзадағы есірткі құралдарын анықтауға «пилоттық» тестілерді енгізуді ұсынамыз.
 
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары
Т.Ерғалиев
А.Перуашев
Е.Никитинская
А.Әбілдаев
Н.Жазылбеков
С.Қадралиева
М.Қазбекова
А.Тұртаев