01
Сәуір

Азат Перуашев Қарағандыдағы бірқатар кәсіпорындарына барды

https://t.me/peruash/11170

Қарағандыда «Азия-СМ» ЖШС (антифриз өндірісі), «Металл-Профиль» ЖШС-де болдық. Қарағанды құю және машина жасау зауыты («Қазақмыс» ЖШС еншілес кәсіпорны) мен оның директоры Жәнібек Байғабелов үлкен әсер қалдырды.

Бірнеше жыл бұрын зауыт 15 миллиард теңгеге жуық қаржы құйып, 90-нан астам заманауи құрал-жабдықтар сатып алған.  Кәсіпорын тау-кен машиналары мен жабдықтарына (әсіресе бульдозерлер үшін норвегиялық болаттан жасалған берік пышақтар, конвейерлер, шар диірмендер және т.б.) бөлшектер мен қосалқы заттарды шығарады, өнімнің 30% шеттегі тұтынушыларға жеткізіледі.  Айналым өсімі таң қалдырады: 2021 жылы 4 млрд теңге, 2022 жылы 6 млрд, 2023 жылы 18 млрд.

Мұндай зауыттар шикізат алпауыттары тек табиғи ресурстарды игеріп қана қоймай, өңдеу өнеркәсібінің дамуына, жалпы экономиканың технологиялық өсуіне қалай үлес қосуы керек екендігінің тамаша үлгісі деп білемін.

Зауыт басшыларымен әңгімелесу барысында пайданы қайта инвестициялау бойынша преференцияларды кеңейту, Өнеркәсіпті дамыту қорының несиелеу шарттарын жеңілдету және т.б. туралы өтініштер айтылды.

Үкіметке енгізу үшін осындай ұсыныстарды біріктіріп, қорытындылауға келістік.